Биыл Талас ауданындағы 2582 азамат кәсіпкер мәртебесіне ие болған

0 7

Талас ауданында 2582 азамат ағымдағы жылы кәсіпкер мәртебесіне ие болған. Яғни түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы олар өз жеке бизнестерін ашып, дөңгелетуде. Айтар болсақ ауданда қазір «Бизнестің жол картасы» бойынша 183 млн теңгеге 6 жоба жоспарланған. Қазірде Қаратау қаласы бойынша аталған жобалардың 3-еуі іске асырылыпты. Ол үшін 83 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалған,- деп жазады   “ZhambylNews”  ақпараттық агенттігі.

Жоба бойынша қаржыға қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі –Қайрат Рақымжанов. Кәсіпкер Мемлекеттік бағдарлама арқылы емхананы сатып алып, өткен жылы күрделі жөндеуден өткізген. Яғни 16,4 млн. теңге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша алынса, 33,6 млн. теңгеге «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қол жеткізген.Қазіргі таңда мұнда мамандардың да саны артқан. Тіпті оларАқкөл мен Майтөбе ауылдарына аптасына екі рет барып, емделушілерді қабылдайды екен. Әрине бүгінгі таңда жаңа технологияны игерген тіс емханасының сапалылығы да жоғары.
-Жабдықтардың бәрі заманауи. Құрылғылардың сапасы жоғары. Жаңа технологияның арқасында емделуші өз тісін көріп экраннан көріп отыра алады,-дейді тіс емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әбутәліп Әбдіразақов.

Қазірде мұнда 6 білікті маман бар. Олардың бірі- Бану Әбдірахманова. 12 жылдан бері осында жұмыс істеп келеді. «Жаңарған емхана да тынысымыз кеңейді» дейді. Мәселен бұрын күніне 10-15 адамды емдейтін болса қазір 20-дан астам емделушіні қарауға мүмкіндіктері бар. Кәсіптің көзін ашсаң, нәсібіңді табасың. Ал ол үшін елімізде, әсіресе жастарға деген мүмкіндіктер молынан ашылуда.Ауданда да мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, істері ілкімділікке іліккен кәсіпкерлер саны артып жатқанын айтады мамандар:
-«Бизнетсің жол картасы-2020» бағдарламасымен барлығы 135 жоба жоспарланған. Қазіргі таңда «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы 18 жоба, екінші деңгейлі банктермен 1 жоба іске асырылды,-дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.

Айта кетейік 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесіне ие болған азаматтардың 164 шағын-орта кәсіпорын, 1585-і дара кәсіпкер және 833 шаруа қожалық ретінде тіркелген. Қазіргі таңда олардың жалпы 84,0 пайызы жұмыс жалғастырып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.