Ғибратты керуен Мойынқұмда

0 0

Мойынқұм ауданында   «Ғибратты керуен»  тағылымды жобасы бойынша іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі. 

Атап айтқанда ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетованың «Мойынқұм», «Құмөзек» халықтық театрларына шеберлік сағаты ,  «Шебердің қолы ортақ» атты ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші, қолөнер шебері Қ.Аманқосовтың шеберлік сағаты  «Мойынқұм» халықтық ән-би ансамбліне, Халықаралық конкурстардың лауреаты, домбырашы Д.Басығараевтың шеберлік сағаты, аудандық коворкинг орталығындағы зиялы қауым өкілдерінің басқосуы өтті. Жиында тәрбие, дін, руханият тақырыбында сөз қозғалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, бұл керуен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  Жамбыл өңірінің аймақтарын қамтып, ұлттық құндылықтарды сақтау, қазыналы қариялардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету, жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, үлкенді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында кездесулер, әлеуметтік бейнероликтер, әуезді әндер ұсынып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.