Несиені кешіру мәселесі талқыланды

0 17

Елімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты қазақстандықтардың несие төлеу жағдайы айтарлықтай төмендеген. Осыған орай парламент мәжілісінің отырысында депутат Айқын Қоңыров несиеге рақымшылық жасауды ұсынды.

Оның айтуынша, карантин салдарынан 4 миллионнан аса азамат жұмыссыз қалды. Елімізде жұмыссыздық көрсеткіші бірден 46 процентке жоғарылады. Олардың басым көпшілігі ақшаны бұрынғы несиені жабу үшін алған. Сонымен қатар, жарты жыл ішінде азаматтар шағын несие беру мекемелеріне жүгінген.

«Бұрын адамдар несиені өз қажеттіліктеріне тұрмыстық техника, бағалы зат алуға, отбаслық шараларға алса, карантин кезінде көбі ем қабылдауға, азық-түлікке, оқу ақшасын төлеуге,  қарыздарды жабуға несие алған», — деді Қоңыров.

Сондай-ақ Қоңыров өткен жылы кредиттік рақымшылықтың нәтижесі жақсы болғандығын атап өтті. Ол алдағы уақытта тағы карантин шаралары енгізілетін болса, қарапайым халықтың жағдайы төмендеп, шағын және орта бизнесті жандандыру қиынға соғатынын мәлімдеді.

«Халық коммунистері фракциясы бұған дейінгі дағдарысқа қарсы шараларды ескере отырып, қазіргі мүмкіндіктерді қайта қарап, қолдау шараларын қарапайым халық пен бизнестен бастауды ұсынады. Қазақстанда жеке және заңды тұлғаларға арналған кең ауқымды кредиттік рақымшылықты өткізу керек», — дейді Қоңыров.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.