Раиса Мұхамедиярованың Ғабит Мүсіреповке жазған хаты

0 25

14.11.65 ж.
«Махаббат деген қажеттілік пен сезімнің ұласуы» дейді О.Бальзак.
Сүйіктім, шексіз, мәңгі сүйіктім! Сенің хатыңды алып қуаныштан жылап та алдым. Қуаныш жасы тым ыстық болады екен. Қызың өзіңе тартқан, мұрны, бет-әлпеті тура сен. Ембейді, жалқау. Емізуге әкелген сайын ұйықтап қалады. Жылағанда даусы жіңішке, әнші болар мүмкін – үні – сопрано. Мұндағы дәрігерлер бәйек болып асты-үстіме түсіп жатыр. Мен ұл күтіп едім десем, олар «жоқ мына қыз әкесіне тартқан, ұлдан да артық болады» дейді. Екеуміз ұл болса деп ойлаушы едік, ол тілегіміз құдайдың құлағына жетпесе керек. Ештеңе емес, баланың бәрі бір ғой. Енді сенде екі қара қыз болды. Бізді ойлама, бетіңнен сүйдік, үлкен-кіші екі Қара қызың.

Leave A Reply

Your email address will not be published.