Арқалықта қырылып қалған 256 мың құс асфиксиядан өлген

0 18

Ауыл шаруашылығы министрлігі Арқалықатағы құстардың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zhambylnews.kz ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов Арқалық фабрикасындағы құстардың тұмауға қатысы жоқ екенін айтып берді.

«Арқалық құс фабрикасында құстың басым бөлігі вирустан емес, асфиксиядан өлген. Арқалық қаласындағы «Агроинтерптица» құс фабрикасында желдетудің болмауынан 256 мыңнан астам бас қырылып қалған. Бұл тауықтар үшін өтемақы қарастырылмаған», — дейді Қабдолданов.

Сонымен қатар, құс тұмауынан өлген құстарға өтемақы төлеу мәселесі қозғалды. Қазіргі таңда өтемақы төлеу мәселесімен облыс әкімдіктері айналысып жатыр. 

«7 қазанда ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауынан өлген құстардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін жеке шаруа қожалықтарының иелеріне құжаттар пакетін қалыптастыруға көмек көрсету қажеттілігі туралы облыстық әкімдіктерге хаттар жіберді. 11 қазандағы жағдай бойынша жеке меншіктегі жер учаскелерінің 2585 құсына құжаттар дайындалды, өтемақының жалпы сомасы 8 878 364 теңгені құрайды», — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.