Сарысу ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

0 16

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген қабылдауда жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Қабылдау барысында азаматтардың бірі денсаулық мәселесі бойынша өтінішін айтса, енді бірі баспана мәселесі бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайларына қатысты өтініштерін де жеткізді.

Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді.

Тұрғындар тарапынан жолданған мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.