Бейсенбай аға асарлатқан ағайынға алғысын жаудырды

0 4

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мыңарал ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен Бейсенбай Саутовтың үйін ауыл тұрғындары мен жастары асарлатып, күрделі жөндеуден өткізіп берді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Бұған дейін Бейсенбай атаның үйінің шатыры тесіліп, қабырғалары құлағалы тұрған болатын. Енді асарлатқан ағайнның көмегімен шатыры ауыстырылып, үйдің қабырғалары сыланып, әктелді.

Бейсенбай қарияның үйіне аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы М.Көшкімбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Несіпбаева, ауыл әкімі Т.Сәбитов және ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары барып құттықтап қайтты.

Өз үйінің қайта қалпына келтіріп бергеніне дән риза болған Бейсенбай аға қол ұшын берген азаматтарға алғысын жаудырды.

Асар — қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдастар, көршілер, туыстардың бірлесе қол созуы арқылы атқарылатын іс шараның атауы. Бұл шара халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.