Жасөспірімдер мәселесі басты назарда

0 3

Сарысу аудандық полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстың санын азайтып, балалардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесі кеңінен қаралды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Бөлім бастығы полиция подполковнигі А.Алметов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Н.Нұралиев аудандағы білім саласының басшыларымен жасөспірімдердің қылмыстарын алдын алу, құқықтық тәртібін
бұзуға жол бермеу туралы өзекті мәселені ортаға салды.

Жиында Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Алметов аудандағы осы жылдың 8 айындағы жасөспірімдермен жасалған қылмыстармен құқық бұзушылықтарды атап өтті.

Сондай-ақ, мектеп директорларымен тікелей байланысты болу үшін, өз ұялы телефон нөмірін берді. Мұндағы мақсат бірлесіп жасөспірімдердің қылмысын алдын алу болып отыр.

Міне, осылайша аудандық әкімдік пен полиция бөлімі білім саласымен бірлесіп, жасөспірімдер қауіпсіздігіне баса назар аударуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.