Жапонияда әлемдегі ең қарт адам 119 жасқа толды

0 9

Орыс-жапон соғысы басталғанға дейін бір жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі ең қарт адам Кане Танака жексенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысында 119 жасын атап өтті, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА Жапонияның Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

1903 жылы 2 қаңтарда Фукуока префектурасында дүниеге келген Танака Жапонияда Мэйдзи, Тайсё, Сёва, Хэйсэй және қазіргі Рейва дәуірлерін бастан өткерді және отбасы мүшелерінің айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруден үміттенеді.

1903 жылы дүниеге келген көрнекті адамдар арасында британдық жазушы Джордж Оруэлл, кинорежиссер Ясудзиро Одзу және жапон ақыны Мизузу Канеко бар.

Танака 2019 жылдың наурыз айында 116 жастағы ең кәрі адам ретінде танылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар ол туғанына 117 жыл 261 күн толғанда Жапонияда рекордтық жасқа жетті.

Фукуокадағы қарттар үйінде тұратын Танака ондағы қызметкерлермен ым-ишара арқылы араласады және сандық жұмбақтарды шешу арқылы өзін жиі сынайды. Ол шоколад пен газдалған сусындарды жақсы көреді.

Тоғыз ағайындының ішіндегі жетіншісі Танака 19 жасында тұрмысқа шықты. Күйеуі мен үлкен ұлы 1937 жылы басталған Екінші Қытай-Жапон соғысы кезінде шайқасқа кеткенде, ол кеспе жасап сатып отбасын асыраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.