Азия – Тынық мұхиты өңірінде еркін сауда жөніндегі әлемдегі ірі келісім күшіне енді

0 18

Азия-Тынық мұхиты өңірінің 15 мемлекеті қол қойған еркін сауда туралы ірі келісім сенбі күні 10 жылдан астам уақыт жүргізілген келіссөздерден соң күшіне енді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА италиялық Efe.com агенттігіне сілтеме жасап.

Барлық саланы қамтиын өңірлік экономикалық серіктестік құрамына Австралия, Брунея, Камбоджа, Қытай, Жапония, Лаос, Жаңа Зеландия, Сингапур, Тайланд пен Вьетнам кіреді. Ал 1 ақпаннан бастап, оған Оңтүстік Корея да қосылады. Мьянма, Филиппин, Индонезия және Малайзия сияқты елдерге оны ратификациялау керек.

«Аталған келісімнің күшіне енуі Сингапур мен келісімге қатысушы елдердің сауда және іскерлік байланыстарына серпін береді»,-деді бейсенбі күні Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі Ган Ким Ён.

Мәлімдемеде оңтайландырылған талаптарға сәйкес, өңірдегі кәсіпорындарға жақсы жеңілдіктер жасалатыны айтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.