Енді телефондағы интернет трафикке ақша төлемейсіз

0 1 240

Әлеуметтік желіде Илон Масктің компаниясы Tesla Phone  шығарады деген жаңалық көп талқысына түсуде. LifeWire-дің мәліметінше, бұл байланыс құралы қолданысқа енгізілетін болса, әлемдік ұялы байланыс нарығына үлкен соққы болады. Себебі, Tesla Phon кез-келген жерде байланыста болады, Starlink жүйесі арқылы жұмыс істегендіктен, интернет ұстамай қалу мәселесі мүлде болмайды. Ай сайын абоненттік төлем төлеп шығындалмайсыз, себебі бұл телефондарды сатып алу арқылы, интернетті шексіз қолдануға мүмкіндік аласыз. Құрылғыны қуаттау да оңай болмақ, заманауи телефон күн сәулесінен заряд ала алады. Жады 2 TB болатын ұялы телефонның құны 800- 1200$ аралығында болады деп күтілуде. «Tesla Phon биыл сатылымға шығуы мүмкін» деген ақпарат халықтың қызығушылығын тудырған. Олар тарифтердің қымбаттығын, байланыстың нашар екендігін жарыса жазып жатыр. Алайда, бұрын да жиі жазылып келген бұл ақпараттың рас не өтірік екені әзірге белгісіз. Желіде тараған фотосурет те дизайнерлердің туындысы болуы әбден мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.