Жақында Twitter желісінің ең ірі акционері атанған кәсіпкер Илон Маск Сан-Францискодағы бас кеңсені үйсіздерге арналған баспана ретінде беруді ұсынды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Кәсіпкер «әлеуметтік желінің бас кеңсесіне бәрібір ешкім келмейтінін» атап өтіп, сауалнама ұйымдастырған.
Оған 1,9 миллионнан астам Twitter желісін пайдаланушы қатысты. Олардың 91 пайызы бұл бастамаға қолдау көрсеткен.