Американың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл мектепте АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тілімізбен және төл тарихымызбен сусындап, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, Домбыра үйренетін болады.
Мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.
Айта кетейік, аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.
Сонымен қатар, өткен жылы Жұлдыз Исмаилованың ұйымдастыруымен АҚШ-тағы қазақтар Наурыз мерекесі мен ҚР Конституция күнін Филадельфия қаласында атап өткен болатын.