Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасына қараған шағында қайтыс болды

0 10

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасына қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы хабарлама Букингем сарайының сайтында пайда болды.

«Бүгін түстен кейін патшайым Балморалда (Шотландия — еск.) қайтыс болды. Король мен патшайым-консорт бүгін кешке Балморалда қалып, ертең Лондонға оралады», — делінген хабарламада.

Тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін корольдік отбасының ресми сайты уақытша қолжетімді емес екені атап өтілді.

II Елизавета таққа 1952 жылы 6 ақпанда жиырма бес жасында, әкесі — Король Георг VI қайтыс болғаннан кейін отырған еді.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.