Қытай жаңа жылдан бастап өз азаматтарына шетелге шығуға рұқсат береді

0 73

 Қытай билігі азаматтарына шетелге туристік сапарлар үшін төлқұжат беруді қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХР Мемлекеттік көші-қонды бақылау басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап туристік мақсатта шетелге шығу үшін төлқұжат алуға өтініш білдірген Қытай тұрғындарын қабылдау және қарау рәсімдері қалпына келтірілмек.

Сонымен қатар қытайлықтардың туристік немесе іскерлік мақсатпен Гонконгқа баруына рұқсат беріледі.

China Daily басылымы келтірген Қытай статистикасына сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартысында қытайлық туристер шетелдерге 127,5 млрд доллар жұмсаған. Олардың жұмсаған шығынның басым бөлігі Азияға тиесілі – 54%, Америка екінші орында — 24%, одан кейін Еуропа — 13%.

Leave A Reply

Your email address will not be published.