Токиода биыл сакура ерте гүлдеді

0 20

Сейсенбі күні Токиода сакураның гүлдеу маусымы мерзімінен бұрын басталды. Сакура ағаштары 1953 жылдан бері бұлай ерте гүлдемеген, деп хабарлайды  Kyodo агенттігі.

Жапония метеорология агенттігі Токиода кеше түстен кейін алғашқы сакура гүл ашқанын хабарлады.

Гүлдену маусымы биыл әдеттегіден 10 күн, былтырғыдан алты күн ерте басталды.

Бір қызығы, сакураның гүлдеуі Жапонияның басқа қалалары мен префектураларына қарағанда Токиода мерзімінен бұрын басталған.

Жылы ауа райына байланысты биыл ел бойынша сакура маусымы әдеттегісінен ерте басталады.

Сакураның гүлдеу маусымында Токиодағы Уэно паркі сияқты саябаққа келушілер коронавирус шектеулері алынуына байланысты үш жылда бірінші рет саябақта тамақтанып, демала алады.

Дегенмен Токио үкіметі ел азаматтарына вирустың қайта оралу қаупін ескертіп, мұндай жиындардан бас тартуды ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.