Өзбекстан Республикасының алдағы 7 жылда дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын «Өзбекстан – 2030» стратегиясы мен оны 2023 жылда жүзеге асыру шарасының жобасы «regulation.gov.uz» және «2030.strategy.uz» порталдарында қоғамдық талқылауға қойылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Өзбекстанның Uza агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Өзбекстан – 2030» стратегиясының мақсаттары мен нәтижелi көрсеткiштерi қабылдауға, түсiнуге оңай формада берiлген және ол 5 бағыт бойынша 100 мақсатты қамтиды.
«Өзбекстан-2030» стратегиясын 2023 жылы жүзеге асыру шараларының жобаларындағы орындаушылардың мерзімі мен міндеттері, стратегияны іске асыру шеңберінде әзірленетін нақты нысаналы индикаторлардың тізбесі және әзірленетін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі бекітілуде.