Америкалық Time журналы әнші Тейлор Свифтті жыл адамы деп таныды. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл марапат мемлекет басшылары мен индустрия алыптарына жиі бұйыратын», — деп атап өтті Time бас редакторы Сэм Джейкобс.
Оның сөзінше, Свифт ештеңеге қарамастан шекараны бұзып, көзге түсудің жолын тапты.
«Ол — бір уақытта шығармашыл тұлға және өз оқиғасының кейіпкері бола алатын сирек адам», — деп мәлімдеді Джейкобс.
Финалистердің қорытынды тізімінде Свифт Ресей мен Қытай көшбасшылары Владимир Путин мен Си Цзиньпинді, Британия королі Карл III пен Барбиді басып озды.
Қазіргі уақытта Тейлор Свифт турнемен әлемді шарлап жүр. Бұл қазірдің өзінде орындаушының ең табысты гастрольдік сапары болып тұр.