Францияда Версаль сарайы өртенді

0 12

Сейсенбі күні түсте Версаль сарайы шатырының жөнделіп жатқан тұсынан түтін шықты, деп хабарлайды Le Figaro.

Версаль сарайында өрттен шыққан түтінді сейсенбі күні сағат 15:13–те қамал шатырын жөндеп жатқан жұмысшылар байқаған.

«Өрт король резиденциясының мәрмәр ауласының үстінде басталды», — деп нақтылады Версаль сарайының байланыс бөлімі.

Бірнеше интернет қолданушысы әлеуметтік желіде қамалдан будақтап түтін шығып жатқаны көрініп тұрған видео жариялады.

«Өрт сөндірушілер дереу араша түсті. Олар жалынды тез арада сөндірді», — деп хабарлады құтқару қызметі.

Бұл іске 97-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Олар шатырда өрттің алдын алу үшін сонда қалған.

«Ешкім жарақат алмады, коллекцияға зақым келген жоқ», — деді Версаль сарайының байланыс бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.