3 қыркүйекте Қытайдың Ляонин үлкен театрының «YOLO» оркестрі Шыңжаңдағы Шәуешекте концерт қойып, жергілікті қазақтардың ұлттық оркестрімен өнер жарастырды. Бұл жолы қойылған өнер бәсекесі өте көңілді болды, деп хабарлайды Қытайдың «Халық газеті» басылымы.
Қытайлық БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 23 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ляонин үлкен театрының «YOLO» оркестрі Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағының үш жерінде концерт қойған.
Айта кетейік, бұған дейін Казинформ тілшісіне Қытайдағы «қазақ күрес» қоғамның төрағасы, үздік жаттықтырушы, мемлекеттік I дәрежелі төреші Сұрабалды Ахметұлы Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қытай қазақтары арасынан әртүрлі салмақ бойынша 8 балуан келіп қатысқалы жатқанын мәлімдеген болатын.