Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.
Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлік шығармақ.
Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады.
Айта кетсек, Гуанчжоу – Қытайдың дамып жатқан төмен биіктік экономикасына қосылуға ұмтылған қалаларының бірі. Бейжіңнің іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2027 жылға қарай Қытай астанасында экономикасы төмен 5 мың кәсіпорын жұмыс істейді деп болжанып отыр.
Бұған дейін Илон Маск өзі иелік ететін Tesla компаниясы шығарған Cybercab роботтандырылған таксиді таныстырғанын жазған болатынбыз.