Disney Федералды сауда комиссиясы шағымын реттеу үшін 10 миллион доллар төлейді

0 3

Disney YouTube желісінде ата-аналарының келісімінсіз немесе ескертусіз балалардың жеке деректерін жинағаны үшін 10 миллион доллар айыппұл төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Федералды сауда комиссиясының ескертуі мен ұсынысынан кейін Әділет министрлігі берген шағымда Disney Worldwide Services, Inc. және Disney Entertainment Operations LLC YouTube-тағы кейбір видеоларында олардың балаларға арналғанын көрсетпей, балалардың нтернеттегі құпиялылығын қорғау ережесін (COPPA) бұзды деп айыпталған. Нәтижесінде компания 13 жасқа толмаған балаларға арналған контентті көрушілер туралы дерек жинап, оны мақсатты жарнама үшін пайдаланды.

2019 жылы АҚШ Федералды сауда комиссиясымен келісімге келгеннен кейін YouTube контент жасаушылардан жүктеп салған видеолардың «Балаларға арналған» (MFK) немесе «Балаларға арналмаған» (NMFK) екенін көрсетуін талап ете бастады. Бұл белгілеу «балаларға арналған» видеолардан жеке ақпарат жиналмайтынына және көрермендерге жекелендірілген жарнамалардың көрсетілмейтініне кепілдік береді. Мұндай видеолардағы пікірлер де өшірілген.

Шағым YouTube 2020 жылдың ортасында 300-ден астам Disney видеосы балаларға арналған немесе арналмағаны қайта белгіленгені туралы хабарлағаннан кейін де, компания өз саясатын өзгертпеді және жеке видеоларды қате белгілеуді жалғастырды.

Диснейге айыппұл төлеуге, балалардың құпиялылық ережелерін сақтауға және YouTube-тегі видеоларына «балаларға арналған» белгісін тексеру бағдарламасын енгізу бұйырылды.

Бұған дейін Disney компаниясы бүкіл әлем бойынша қызметкерлерін қысқартып жатқанын хабарлаған едік.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.