Қытайда тайфун салдарынан 41 мыңнан астам адам эвакуацияланды

0 4

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында «Тапа» тайфуны салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылып, жаппай эвакуация жүргізілді, деп хабарлайды Xinhua ақпарат агенттігі.

Тайшань қаласында 120 мың бала оқитын 182 мектеп пен балабақшада сабақ тоқтатылды. Цзянмэнь қаласының қауіпті аймақтарынан 41 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Цзянмэньде табиғи апаттың салдарын жою үшін 43 ерікті теңіз құтқару жасағы құрылып, 30 кеме дайындалды. Тайшаньда 3,3 мыңнан астам құтқарушы кезекшілік етіп жатыр. Көршілес Янцзян қаласында тұрғындарға арналған апаттық баспаналар ашылды.

Метеорологтардың мәліметінше, тайфун Цзянмэнь аймағына жеткенде эпицентрге жақын жерде желдің жылдамдығы 30 м/с-қа жеткен. Табиғи апат нөсер жаңбыр және дауылмен қатар жүрді.

Синоптиктердің болжамынша, «Тапа» солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жылжып, біртіндеп әлсірейді.

Еске сала кетсек, «Тапа» биыл Қытайды басып қалған 16-шы тайфун болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыз қозғалысы мен паром қатынасы тоқтатылды.

Бұған дейін «Тапа» тайфуны Қытайдың Гуандун провинциясының жағалауына жеткенін жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.