28 жасар жапон жігіті Мицутоки Шигета сотта бірден 19 баланың әкесі болу құқығын заңды түрде иеленді, деп жеткізді КТК арнасы
Сот талқылауы 3 жылға созылды. Таиланд полициясы 2014 жылы Бангкоктағы зәулім пәтерде табылған 9 нәрестенің ДНҚ арқылы әкесі екенін тапқаннан кейін жапондық азаматтың басы дауға қалған болатын.
Балаларға тәулік бойы бала күтуші қараған. Олардың жасы – екі аптадан бастап екі жасқа дейінгі аралықта. Кейінірек тағы 4 бала табылды – оларды да жапондық жігіттен Таиландтағы суррогатты аналар дүниеге әкелген.
Тергеу барысында Шигета миллионердің баласы екені, ол үйленбей-ақ көп балалы әке болуды қалағанын анықталған.
Үндістандағы және Таиландтағы суррогатты аналар оған барлығы 19 бала туып берген. Сондықтан оны әкелік құқығынан айырып, адам саудасы бабымен айыптаған.
Таиландтағы 13 сәби дау-дамай басталғаннан кейін мемлекеттің қамқорлығына алынған, ал Шигета Жапонияға оралып, Таиланд сотына шағымданған.
Сотта көп балалы әке олардың барлығын өз қамқорлығына алу үшін дәулеті жеткілікті екенін дәлелдеп шыққан. Сонымен қатар, ол балалардың барлығын Жапнияға әкету құқығына қол жеткізген. Ол осы мақсатта бала күтушілер мен медбикелерден тұратын арнайы топты жалдаған.
Мицутоки әлі үйленбеген бойдақ, бірнеше компанияны басқаратын дәулетті жігіт.