Қартаң әйел өз терісінен сөмке тігуге тапсырыс берді

0 1

Манчестер қаласының Джоан есімді 55 жастағы тұрғыны өзінің кесіп алынған аяғынан әйелдер сөмкесін жасатпақ.

Дәрігерлер британдық әйелге қан тамырлары ауруы салдарынан аяғын кесіп тастайтынын жеткізген. Осы жағдайдан кейін оған «аяғым бір жерде шіріп қала ма» деген ой маза бермейді.

Джоан өзінің терісінен сөмке тігіп беретін тігінші табу үшін арнайы сайтқа жазды. Әйел тапсырысты орындаған тігіншіге үш мың фунт төлеуге әзір, деп жазды Сегодня.

Сайт әкімшілігі Джоанмен сөйлесіп, оның аргументтері ақылға қонымды деген қорытынды жасады. Олар тігіншілерді британдықтың өтінішіне байсалды қарауға шақырып отыр.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.