Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын өзінің қателіктері үшін кешірім сұрап, жылап жіберді. Бұл туралы The Korea Times жазды, деп хабарлайды zhambylnews.kz.
КХДР басшысы Кореяның Жұмысшы партиясының 75 жылдығына орай сөйлеген сөзінің үштен бір бөлігінде ел тұрғындарына алғыс білдірді. Сонымен қатар ол азаматтардың өмірін жақсарта алмағанына өкінетінін мәлімдеді.
«Адамдар маған сенді, олардың сенімдері аспандай биік және теңіздей терең болды, бірақ мен олардың үміттерін ақтай алмадым.Мен өте өкінемін», — деді Ким Чен Ын.
Daily Mail жариялаған кадрларда оның көзілдірігін шешіп, жасқа толған көзін уқалап жатқанын көруге болады.
Кейбір сарапшылар осылайша ел басшысы COVID-19-бен тиімді күреспегені үшін кешірім сұрауы мүмкін деп болжайды.