Қызметінің жалғыз түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын ұйымдардың (уәкілетті ұйымдар) қызметі бойынша заңнамадағы өзгерістер туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2017ж. №1881 қаулысымен уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар өзгертілген. Сонымен, жаңа талаптарға сай уәкілетті ұйымдардың ең төменгі мөлшері Астана және Алматы қалаларында орналасқан әрбір айырбастау пункт үшін 30 миллион теңгені, облыстың әкімщілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункт үшін 20 миллион теңгені, басқа жерде орналасқан әрбір айырбастау пункт үшін 10 миллион теңгені құрайды.
7 жылдың ішінде (талаптар соңғы рет 2010 жылы қарастырылған болатын) қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты талаптарды қайта қарастыру қажеттілігінің туындағанын айта кеткен жөн.
Біріншіден, бұл – қызметті қауіпсіз түрде көрсету үшін материалды-техникалық қор. Екіншіден, қылмыстық жолмен алынған қаражатты жылыстатуға қарсы іс-қимылдар шеңберінде тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну қажет және ол айырбастау пункттерінің жоғары техникалық жабдықталуын қажет етеді.
Айырбастау пункттері қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын, Ұлттық Банкпен лицензияланатын, осы қызмет түрімен айналысуға қажетті талаптарға сәйкес болуы тиіс. Осыған байланысты, өзгертілген талаптар негізделген болып табылады және қайта қарастырылмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі жаңа редакцияда қолданысқа енгізілген және оған сәйкес айырбастау пункт үшін тіркелген салық енгізілді.
Әрбір салық салынатын объект үшін тіркелген салықтың базалық мөлшері айына 30-дан 100-ге дейін АЕК құрайды.
Қаржы жүйесінің тәуекел деңгейі жоғары элементтерінің бірі болып табылатын уәкілетті ұйымдардың қызметі тікелей қолма-қол ақшаға байланысты болғандықтан, сәйкесінше, тіркелген салық енгізілді.
Осы іс-шараның мақсаты – банктік емес айырбастау пункттерінің салық салынатын кірістерін әдейі төмендетуді болдырмау және төлеуге жататын салықтарды есептеу процедураларын жеңілдету болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкінің
Жамбыл филиалы