Қазақстандықтардың орташа жалақысы 243 мың теңгеден асты – статистика

0 0

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 243 мың теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылдың тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады», — делінген статистикалық мәліметте.

Ең үлкен атаулы жалақы тіркелді:

— тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында тіркелді – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);

— қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);

— кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);

— ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).

Ал ең төменгі атаулы жалақы тіркелді:

— сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде — 154,9 мың теңге;

— ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.

Айта кетейік, халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтардан басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.