4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 0

Қазгидромет 29 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады,  – деп хабарлайды  “ZhambylNews” АА.

29 қараша мен 1 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзендері ауданындарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

29 қарашада Түркістан облысының оңтүстік аудандарында тұман сақталады.

28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.