Онлайн ойын отбасылардың ажырасуына себеп болуда

0 39

Қазақстандықтар букмекерлік кеңселерді жабу үшін қол жинауда.

«Букмекерлік кеңселер, лото-клубтар, бинго, онлайн-казино және де онлайн ойын платформаларын және олардың сайттарын Қазақстан Республикасы аумағында жабу туралы петиция» ótinish.kz сайтында орналастырылған. Бүгінге дейін оған 17,5 мыңнан астам адам қол қойды. Петиция авторы -белгілі кәсіпкер, депутат Қайрат Құдайберген. Қоғам белсенділері бинестің бұл түрі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіпті деп санайды және президенттен мәселені жедел қолға алуды сұрайды. Келтірілген мәлімет бойынша, жылына 350 мың адам онлайн ойындарға бәс тігеді. Және жеңіл жолмен ақша табуға үндейтін букмекерлердің жарнамасына тыйым салынбаған. Телеарналарда еркін көрсетіледі, көшелерде үлкен жарнама баннерлері ілініп тұр.

Сауалнамаға қатысқандар ажырасқан 10 отбасының 7-не онлайн бәс тігу себеп болғанын айтқан. Бастама көтерушілер 2020 жылы жобасы дайындалған букмекерлерді арнайы ойын аумақтарына көшіріп, онлайн бәс тігуге тыйым салу туралы заңды қайта өндіріске енгізуді сұрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.