Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына ұшып келді

0 35

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді,  — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

«Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ» делінген мәліметте.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.