Экс-премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов Stopfake сайтына әлеуметтік желідегі өз аккаунттары туралы хабарлама жасаған. Онда «Құрметті достар! Әлеуметтік желілерде менің атымнан ашылған фейк-аккаунттар мен фейк-парақшалар пайда болды.
Оларға арандатушылық сипаттағы ақпараттар салынуда. Бұл менің беделіме нұқсан келтіреді. Әлеуметтік желілерде менің ешқандай парақшам жоқ екенін мәлімдегім келеді. Арандатуға ермеуге және жалған ақпараттың таралуынан сақтануға шақырамын. Құрметпен Иманғали Тасмағамбетов»,- делінген.