Облыс әкімі зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

0 17

Облыс әкіміЖамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен әкімшілік ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандарды аралады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Облыс орталығында қаңтар оқиғасы салдарынан алты мемлекеттік ғимаратқа нұқсан келтірілген еді. Бүгінде оларды қалпына келтіру үшін 720 адам, 48 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Әкімшілік нысандардан бөлек, 25 шағын және орта бизнес субъектілері де зардап шеккен еді. Олар қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікке келтірілген шығынды өтеу шаралары басталған. Аймақ басшысы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.