Қазақстандықтар Украинаға көмек ретінде 30 миллионға жуық қаржы жинады

0 8

Қазақстандықтар Украинаға көмек ретінде 30 миллионға жуық қаржы жинады. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында  айтты, -деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Гуманитарлық көмек көлемі қазір 30 миллионға жақындап қалды, — деді ол. Сондай-ақ, қоғам қайраткері қаржының қайда жұмсалатыны туралы да мәлімет берді. «Бұл ақшаның бір бөлігі Польша арқылы Украинаға жеткізілетін Қазақстандағы дәрі-дәрмек пен басқа да гуманитарлық көмекті сатып алуға жұмсалады.

Логистика Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің қолдауымен әзірленуде. Қазақстанда сатып алу мүмкін болмайтын зат Польшада да Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіліп жатқан поляк серіктестерінің белсенді қатысуымен сатып алынады», — деді Досым Сәтбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.