Құрсақтағы нәрестені қорғайтын бөлімшелер құрылады

0 5

Облыстық перинаталдық орталықтарда «құрсақтағы нәрестені қорғау» бөлімшелері құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

«UMC корпоративтік қорының Ана мен бала орталығы және облыстық перинаталдық орталықтардағы тиісті бөлімшелер базасында «құрсақтағы нәрестені қорғау» республикалық орталығын құру жоспарлануда», — деді министр.

Сондай-ақ ол 20 ауданаралық ауруханада перинаталдық көмектің үшінші деңгейлі босандыру бөлімшелері ұйымдастырылатын мәлім етті.

«Жалпы, әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бөлігінде кейіннен катамнездік бақылауды қамтамасыз ете отырып, шала туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жетілдірілетін болады. Қазақстан ұрық дамуының туа біткен ақауларын ерте анықтау үшін пренаталдық скринингтің жаңа заманауи әдіснамасына көшеді. Сонымен қатар, пренатальды ультрадыбыстық диагностика функциясы жетілдіріледі. Пренатальды ультрадыбыстық зерттеу диагностикасының қосымша 100 маманын оқыту, сондай-ақ өңірлерді УДЗ сараптамалық сыныбының аппараттарымен жарақтандыру жоспарлануда», — деді Ажар Ғиният.

Leave A Reply

Your email address will not be published.