Елімізде көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

0 38

Синоптиктер көктемнің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, еліміздің оңтүстік аймақтарында жауын жауып, найзағай ойнайды.

Көктемнің алғашқы күндерінде елімізде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Қазақстанның солтүстігінде қар мен боран жауады деп күтіледі. Ал оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнаюы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша тұман мен көктайғақ болжанады. Батыста ауа температурасы күндіз 2-15 градус жылы, ал түнде 2-10 градус аяз күтіледі. Ал шығыс пен орталық бөліктерде термометр бағаны күндіз 0-10 градус аязды көрсетсе, түнде 15-20 градусқа дейін төмендейді.

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде күндіз 5-15 градус жылу, түнде 0-8 градус аяз күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.