Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі бағасы өседі

0 170

Қазақстан қаржы министрінің бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз темекілер мен папиростардың ең төмен бөлшек сауда бағасы белгіленді.

Фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бағасы:

2022 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғанда – 550 теңге;

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда –570 теңге;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.