«Желіге шолу» – Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі жаңа жобасы. Басты мақсат – желі қолданушылары жазған пікірлерге, сұрақтарға жауап беру, өзекті мәселелерге қатысты көпшілікке дұрыс ақпаратты түсінікті тілде жеткізу.
Алғашқы шығарылымда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Аризона университетінде білім алған қазақстандықтар елімізде Аризона университеті филиалының ашылуына қатысты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап береді.