Дариға Бадықова қызын ертіп батыс өңірге барып қайтты. Актриса қызына осы күннен бастап келіннің міндеттерін үйретіп жүр. Алайда актрисаның қызы келіндердің сәлем салғанын көріп шошыды.
Бұған дейін Бадықова келіндер жарысын өткізетінін мәлімдеген еді. Ол еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған келіндер арасынан ең үздігін анықтамақ.
Осы мақсатпен Маңғыстауға аттанған ол қызын ерте барды.
«Каркуша, Батысқа келін болсаң, осылай жер үйде, ана келіндер сияқты шай құйып жібересің», — деді.
Ал қызы бұдан шошынғандай кейіп танытты.
«Ойбай-ау, масқара ғой мынау. Жоқ», — деп жауап берді актрисаның қызы.
“Әр елдің салты басқа, иттері қара демекші” еліміздің әр өңірінде келіндердің міндеті, сәлем салуы да әртүрлі. Әсіресе, батыс өңірде жас түскен келіндерді оңай ажыратуға болады. Келіндер үнемі қазақи көйлек пен ақ орамалын басынан тастамайды. Ал, жаңа түскен келіндер алғашында қызыл орамал тағып жүреді.