ӘЗ-НАУРЫЗ ШАҺАРДА 10 КҮН ТОЙЛАНАДЫ

0 253

Шаһарда ұлыстың ұлы күнін кең көлемде  атап өту  14-наурыздан бастау алады. Әз-Наурызда қандай іс-шаралар реті бекітілген? Бүгін қала әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте «Наурыз мерекелерінің жоспарлары» талқыланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Сонымен қатар басқосу барысында:

  • «Қызыл сызық» талаптары сақталмай салынған құрылыс нысандары мен көрнекі ақпарат құралдарын ретке келтіру;
  • Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелері қаралды.

14 наурыз тұрғындар «Көрісу күнін» атап өтеді. Ал, 15 мен 21 наурыз аралығында  әр күнге айдар тағылып, қаланың барлық округтерінде салт-дәстүрді  ұлықтау және көпшілікке көктемгі көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сланбекова «Тарихқа тағзым», «Игі істер», «Шымырлық пен шеберлік», «Тазару» «Ырыс мол болсын» сынды әр күннің маңыздылығы мен мәнін атап өтті. Негізгі мерекелік кеш 21 наурыз «Төтркүл» керуен сарайында өтпек. Мұнда 32 мың адамға киіз үй тігіліп, арнайы керуен қала ішін аралап, «Көне Тараз» этномәдени кешеніне дейін жүріп өтеді. Биыл наурызды лайықты түрде ұйымдастырылады. Осы мақсатта Ержан Жылқыбаев санитарлық талаптарды және мерекенің өз деңгейінде өтуі үшін жауаптыларға тапсырма жүктеді.

Тараз қаласы аумағында құрылыс салу шекарасы «қызыл сызық» нормасын бұзған 52 сауда дүңгіршектері мен құрылыс нысандарның 31-заңды,18-заңсыз,аллынғаны – 5 нысан. Қазіргі таңда заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі жұмыс жоспарын бекітіп, жұмыс тобын құру құрылуда.Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмек.

Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында қосымша резервтер анықталды.Олар: Оның ішінде корпоративтік табыс, жеке табыс пен  әлеуметтік салық, өндірістік емес төлемдер,акциз өнімдері, мүліктік табыс, кәсіпкерлік субьектілерінің салық берешегін өңдіруден, жеке тұлғалардың салық берешегін өңдіруден қосымша салық сомалары өндірілген.Бұл тұрғыда Е.Жұматұлы базарларда тексеріс жұмысын күшейтіп,салық төлемей жүрген кәсіпкерлерді анықтау және шара қолдануды тапсырды.

Ұлттық мейрамның пандемияға байланысты екі жыл қатарынан атап өтілмегенін айтып, биыл санитарлық талаптарды сақтай отыра, мерекенің өз деңгейінде өтуі үшін жауаптыларға тапсырма жүктеді. Сонымен қатар тиісті бөлім басшыларына «қызыл сызық» нормасын бұзған кәсіәп иелерімен тығыз жұмыс жасап,заң аясында шара қолдануды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.