Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

0 61

Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.