Комаға түскен Саят Медеуов есін жинады

0 91

Саят Медеуов комадан соң есін жиды. Әнші аурухананың жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Жол апатынан ауыр зардап шеккен Саят Медеуов комадан есін жиды. Дәрігерлер жасаған ота сәтті шыққан. Әнші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Бұған дейін Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, ауыр жарақат алғаны белгілі болған еді. Ол Алматы облысының Талдықорғанға бет алған жол трассасында апатқа ұшырады.

Қуанышқа орай, дәрігерлер жасаған ота сәтті шықты. Әншінің қабырғасы мен жамбас сүйегіне зақым келген.

Қайғылы жағдай болған күні көлікті әншінің жиені жүргізген. Ол ұйықтап кеткендіктен, көлік жол апатына ұшырады.

“Саят бауырым, тез сауығып кетуіңе тілектеспін! Сен мықтысың! Алла қосса бәрі жақсы болады! Күндіз- түні дұғадамыз, досым”, – деп жазды Арман Дүйсенов.

Бұған дейін әншінің жол апатына түсіп, ауыр жарақат алғанын хабарлаған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.