Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Берік Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады.
Берік Уәли 2019 жылдың 22 наурызынан бастап мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.