Қағаз қатты қымбаттады

0 1 020

Өткен жылы кеңседе қолданылатын А4 қағазының қаптамасы 1500 тг орташа көтерме бағамен сатылған еді. Қазір баға орта есеппен мың теңгеге немесе 67%-ға өсіп кеткен. Ірі жеткізушілер кеңсе қағазының 1 қаптамасын 3 мың теңге көтерме бағамен саудалайды.

Бағаның өзгеруі Батыс Еуропадан қағаз шикізатын ағартуға арналған реагенттерді жеткізудегі іркілістерге байланысты және РФ-да кеңсе қағазын өндіру көлемінің қысқаруына орай орын алып отыр.

Айта кетерлігі, Қазақстанда кеңсеге арналған қағазды кесу және орау бойынша екі зауыт жұмыс істейді. Өткен жылы кәсіпорындар 600 мың А4 қағаз бумасын өндірген болатын, бұл ішкі нарықтағы барлық тұтыну көлемінің 5%-ын ғана құрайды.

«Qagaz Ordasy» ЖШС жылына 3 млн бума, ал «Goida.kz» 3,6 млн А4 кеңсе қағазын шығаратын өндірістік қуатқа ие. Кесуге және буып-түюге арналған қағаз орамдары түріндегі шикізаттың негізгі бөлігі РФ мен Финляндияда өндіріледі. Алайда, ресейлік зауыттар бұл компанияларға қағаз орамдарын тікелей сатпай, оларды Қазақстандағы өз өкілдері арқылы саудалайды. Сәйкесінше, олар қазір сауда-саттықты шектеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.