Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды біле жүріңіз

0 1 062

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды айтты.Наиб мүфти халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде оразаны бұзатын және бұзбайтын нәрселерге тоқталды.

Оразаны бұзбайтын жағдайлар:

▪︎Ауыз бекіткенін ұмытып кетіп, ішіп-жеу. Ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

▪︎құлаққа су кіру;

▪︎топырақ, шаң, ұн тозаңы, қардың ұшқыны, жауын тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;

▪︎қан алдыру немесе сүлік салдыру;

▪︎көзге, құлаққа дәрі тамызу;

▪︎мисуак немесе тіс пастасын қолдану, бірақ тіс жуғанда, паста ішке өтіп кетпеуі керек.

▪︎Ең абзалы, тісті таң намазының уақыты кіргенге дейін тазалау;

▪︎тіс жұлдыру, бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы сұйықтықтықты – дәрі немесе қанды жұтып қоймау керек;

▪︎ауыз бен мұрынға су алып шайқау, алайда тамаққа өтіп кетпеуге тиіс;

▪︎душқа түсіп, жуыну;

▪︎рамазан айында вакцина салдыру да оразаны бұзбайды.

Ал, оразаны бұзатын жағдайлар:

▪︎Әдейі жеп-ішу;

▪︎ауызындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;

▪︎темекі шегу, насыбай ату;

▪︎дәрі ішу;

▪︎құрамында нәрлі заттары бар ине (укол) қабылдау;

▪︎қоректік немесе қоректік қасиеті бар заттарды себепсіз әдейі жеу.

Ершат қажы Оңғардың айтуынша, оразасы бұзылған адам кафарат оразасын ұстауға тиіс.

«Кафарат оразасы деп үздіксіз екі ай ораза ұстауды айтады. Оған шамасы келмейтін жандар 60 кедей адамды тамақтандырып, тойдыруға міндетті. Бұл жағдай ораза екенін біле тұра әдейі бұзған адамдарға қатысты», — деп түсіндірді наиб мүфти.

Leave A Reply

Your email address will not be published.