Жамбыл облысында орын алған оқиғаның мән-жайын КТК телеарнасы хабарлады. 16 жастағы оқушы құлаққа киіп алғандықтан, жүк пойызының сигнал бергенін естімеген.
Жүк пойызы қаққанда жасөспірім рельстердің арасында келе жатқан. Дәрігерлер мектеп оқушысының өмірі үшін төрт сағат бойы күресті. Бірақ алған жарақаттардың нәтижесінде бала қаза тапты.
Қайғылы оқиға Боранды стансасының маңында болған.
Жүргізуші сигнал беріп, тіпті жылдамдығын төмендетпек болған, бірақ қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Кейін жасөспірімнің құлаққаппен кетіп бара жатқаны анықталды.
Мектеп оқушысы көп балалы отбасыннан шыққан. Оның күнде үйін жылыту үшін рельстерден отын жинағаны белгілі болды.
“Оқиға Боранды — Сурум 1-пикет желісінің 3444-ші шақырымында болды. Құрамында 44 жүк тиелген вагон бар пойыздың машинисті шұғыл тежеуді қолданғанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Өңір тұрғындарынан темір жолды кесіп өту ережелерін сақтап, балаларын соған үйретуді сұраймыз”, – дейді Боранды желілік полиция бөлімінің бастығы Шамиль Керімбаев.