Халық тарапынан жиі қойылатын сұраққа ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат қажы Оңғар жауап берді. «Шариғат шарты бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе бұл парызды орындамаса болады.
Және сенімді дәрігер ораза ұстап, ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді,- деді наиб мүфти.