Пенитенциарлық жүйе жағдайын жақсарту үшін жедел кеңес өтті

0 22

​Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті тінту іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес жедел кеңес өткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жедел кеңесте Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімі басшылығы, облыстық прокуратура, Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жамбыл облысының адам құқықтары жөнінде қадағалау, бақылау комиссия мүшесі арасында бірлескен жұмыс мәселелері сөз болды.

​Жалпы бұл – облыс бойынша ҚАЖ департаментінің І тоқсанға бекітілген іс-шаралар жоспарында қарастырылған мәселе. Мұндай бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу аса маңызды. Департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың айтуынша, есепті кезеңде аталған жоспар бойынша бекітілген тінту іс-шаралары оң нәтижесін бергендігін атап өтті. Ал ол барлық мекемені қамтыған.

Пенитенциарлық жүйенің өзі ұлттық қауіпсіздік мәселесінде қауіп-қатердің алдын-алу бойынша міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан оны қылмыстылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігіне жатқызады. Бұл қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелеріндегі жағдай, біздің мемлекетіміздегі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы жағдайына тікелей ықпал ететінін көрсетеді.

​Нияз Рыспаев сол себепті алдағы уақытта да осындай іс-шараларды жалғастыру аса маңызды екенін айтады. Ал бұл өз кезегінде ведомствоаралық және одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретінін ұмытпаған жөн. Сондықтан төтенше жағдайларға жол бермеу үшін жұмысты жандандыруға, күнделікті жұмыста кездесетін проблемалық мәселелерді шешу жолдарын табуға ерекше назар аударылуы қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.