Алматыда жалаңаш ер адам қоршаудан секіріп өтіп, әуежай аумағына кіріп кеткен. Видеожазбадан ары қарай оның ұшақтар тұрған перонға шығып, жүгіргенін көруге болады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі ер адамды ұстап, полиция бөліміне тапсырыпты.
Полицейлер тұтқындалған ер адамның мас күйде болғанын мәлімдеді. Ол 1997 жылы туған қала тұрғыны болып шықты.