Алматы әуежайының қоршауын асып өтіп, ұшу-қону жолағында жалаңаш жүгірген жігіт желіні шулатқан еді. Кейін, желідегілер «жалаңаш терминатор» деп ат қойған азаматтың ұсталып, полицияға тапсырылғаны, оның ішімдік ішкені белгілі болған еді. Бұл оқиға әуежай қызметкерлеріне айтарлықтай мәселе тудырды. Енді нысанның қоршауына миллион доллар жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы әуе айлағының президенті Ерсой Альп Ер Тунга хабарлады , — деп жазады «ZhambylNews» АА.
«Әрине, болған жағдайға әзілмен қарап жатырмыз, бірақ бұл күрделі мәселе. Осы оқиғадан кейін бірден тікенек сым орнаттық. Біз қоршауды электрлендіруді жоспарлап отырмыз. Оған қоса, қосымша камералар орнатамыз. Біз қоршаудың жұмысына 1 миллион доллар және қауіпсіздік жүйесін жақсартуға тағы 1 миллион доллар бөлеміз»- деді ол.